Емханаға қалай тіркелуге болады?
Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе?
Egov.kz порталы арқылы: порталына кіріңіз;
Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;Қызметті онлайн сұратыңыз;
Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.
Телеграм бот арқылы:Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;Мекенжай мәліметтерін растаңыз;Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;Емхананы таңдаңыз;Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.
Емхана арқылы:Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.
Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күніҚызмет нәтижесі:Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.
Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.
Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.
Дендеріңіз сау болсын, өзіңізді күтіп, қызметті үйден алыңыз!