Сыр елінде жаңа 12 спорт нысаны салынады

«Жыл соңына дейін бюджет есебінен тағы 12 жаңа спорт нысанын, соның ішінде байдарка мен каноэде есу базасын саламыз. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы бойынша 5 жоба іске асырылуда, онда 720 адамды қамтитын 60 секция ашылады. Спорттағы жоғарғы жетістіктер арқылы біздің спортшылар Токио олимпиадасына 2 лицензия алды», – деді облыс әкімі.