Татами шеберлері жаттығуға кірісті

29 қазанда басталған жаттығу жиынында 20-дан астам дзюдошы шеберлік шыңдауда. Атап айтар болсақ, Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Виктор Демяненько (-100 кг) және тағы басқа да дзюдо спортының шеберлері дайындығын пысықтауда.
Татами шеберлерінің дайындық жұмыстары 22 қарашаға дейін жалғасады.