Қызылорда өңірінде 2023 жылға дейін 265 жоба іске асады

«Аймақта төрт түлік малдың еті, сүті, жүнін кәдеге асырып, оны қайта бағыттау бизнесі жолға қойылып келеді Сонымен қатар біздің өңірде 25644 көпбалалы ана бар. Оларды да бизнеске тартудамыз. «Еңбек» бағдарламасы арқылы аналардың бизнес идеяларын жүзеге асыру мақсатында 602 көпбалалы анаға грант бердік»,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Мұнымен қоса, ерлер жейделерін тігумен айналысатын «Далатекс» ЖШСмен бірлесіп маңызды жоба іске асырылуда. Атап айтсақ «Еңбек» бағдарламасы аясында 123 әйел тігін шеберлігіне оқытылуда. Оларға тігін машиналары мен басқа да жабдықтарды сатып алуға 555 мың теңгеден гранттар беріледі. Оқыған азаматшалар жеке кәсіп ашып, аталған компаниямен келісімшартқа қол қойып, үйде жұмыс істей алады.