» » » «ЖАЛЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛЕДІ

«ЖАЛЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛЕДІ

Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан аудандағы жас дарынды белсенділерді қолдау негізінде өткізіледі. Сонымен қатар сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін танытуды көздейді.
Сондай-ақ аудан жастарының бірлігін нығайту, жастар арасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету; жастарды жан-жақты дамыту, жастар ортасында мемлекеттік тіл мен мәдениетті, өнер мен дәстүрлерді, тарихи мұраны насихаттау; ауданның жас патриоты бейнесін көпшілікке таныстыру деген мақсат-мүддесі бар.
Байқауға үміткер ретінде 29 жасқа дейінгі жоғары кәсіби жетістіктері бар Жалағаш ауданының жастары қатысады.
Жеңімпаздар «Білім және ғылым», «Журналистика», «Еріктілік», «Спорт», «Медицина», «Кәсіпкерлік», «Мемлекеттік қызмет, «Үздік оқушы», «Мәдениет, «Қоғамдық қызмет» номинациялары арқылы марапатталады.
Қосымша ақпаратты Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №11 үйде орналасқан «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Байланыс телефондары: 8/724 31/ 32-4-46, 8 747 740 60 41, 8 702 961 29 31.

17 қараша 2020 ж. 1 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930