» » » Бір арнада тоғысқан тағдырлар

Бір арнада тоғысқан тағдырлар

Өмірде жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеу керек. Жарың – өмірлік серігің, қорғаның, бақытыңның бастауы. Мамандығың –азаматтық тұлғаңды танытар, қасиет қадіріңнің көрінісі.
Жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспей, «кірпіш дүниеге» кетігі боп қаланып,тағдырының тізгінін берік ұстап, жарқын өмір сүріп келе жатқан қызметкерлер ЗК-169/1 мекемесінде де баршылық. Тағдыр қалауы солай ма, саналы түрдегі шешімінен бе, бұл мекемеге жұмыс жасауға келген жастар, бір-бірімен көңіл жарастырып үйленіп жатады. Сондай жұптардың сүйсінерлік тұлғасы ғана емес, жанұялық өмірдегі жарасымдылығы да үлгі етіп айтуға лайықты жандар.
ЗК-169/1 мекемесінде жас маман ретінде келіп, жұмыс барысында танысып, шаңырақ көтерген отбасының бірі – Искаковтар отбасы. Әділет лейтенанты Батырбек Искаков өз ісіне тиянақты, қызметіне адал, жауапкершілігі мол жас маман. Қызмет барысында Айжанмен танысады.
Батырбектен бұрын мекемеге медбике болып орналасқан Айжан жұмысын ұршықтай иіріп әкетті. Отан алдындағы парызын өтеп барып, ысылып ер азаматтық тұлғасын қалыптастырған шақта келген Батырбек еңбек жолын бақылаушылықтан бастады.
– Айжанның мінезі биязы, салмақты, бір көргеннен ұнаттым, болашақ жарымды, өмірімді Айжанмен елестеттім, отбасы құрайық деген ұсынысыма Айжан бір жылдан соң "иә" деп жауап берді. Айжан екеуміз бір-бірімізді түсініп, 2011 жылы отбасын құрдық. Шаңырақтың ұйытқысы, берекесі, отбасымен қызметін қатар алып жүрген Айжан жақсы жар бола алды. Шаңырақ көтергенімізге биыл тоғыз. Үш қызымыз бар. Жұмысымыздың қауырттығына қарамай бала тәрбиесіне аса мән береміз. Ал кейде жұмыстан шаршап келгенде, қыздарым алдымнан жүгіріп шыққанда көңілім сергіп қалады Ата-әже, туған-туыстық қатынасты үзбеу мақсатында, ағайындық жиын тойлардан қалмай барамыз. Қыздарымыздың өнегелі, тәрбиелі болып өсуі үшін, ұлттық құндылықтарды дәріптеп отырамыз, – дейді Батырбек Искаков.
Жылдар ағымында осылайша, бір-біріне деген сыйластығы артып келе жатқан бұл отау иелерінің кіші отанындағы жарасымдылық төңірегіндегілерге үлгі аларлық жағдай.

Мүсілім БАЙДЫБЕК
21 қараша 2020 ж. 2 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031