» Рухани жаңғыру: Қызылордада «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда

Рухани жаңғыру: Қызылордада «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда

Сыр елінде Қазақстанның киелі жерлер картасына енген 12 нысанға бейнеролик әзірленуде. Олар «Рухани жаңғыру» орталығының ресми ютуб каналына, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев мәлімдеді.
«Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1421 шара өткізілді. Пандемияға байланысты бірқатар іс-шаралар онлайн форматта болды. Аймақта «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде өз саласы бойынша жетістікке жеткен азаматтарды халық арасында танымал ету, еңбек жолын жастар арасында насихаттауды көздейді. Бүгінде 24 тұлғаның бейнеролигі түсірілді. Сондай-ақ, «Дәстүр мен ғұрып» және «Үнем – қоғам қуаты» атты жаңа арнайы жобалар бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар аясында 21 шара өткізілді», – деді Уәлихан Серікұлы.
Бұған қоса, республикалық «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Оған аудандар мен қаладан іріктеліп алынған азаматтар 4 номинация бойынша қатысып, үздіктер марапатталды.
---
10 қараша 2020 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031