«Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» кітабы жарық көрді
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты дайындаған «Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» кітабының тұсаукесері өтті, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Жаңа кітаптың тұсауы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында кесілді.
«Бәріміз білетіндей 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Бұл құжат ауқымдылығы мен мазмұнына, алға қойған міндеттеріне қарай Қазақстан тариxының шежіресіне жазылып үлгерді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 15 желтоқсанда жария еткен «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабында руxани жаңғыруды жаңғыру үдерісінің негізгі бағыты деп көрсеткен. Бұл мақала бір жағынан жаңару үрдістері – саяси реформалар мен экономикалық жаңаруға бастама болған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы Қазақстан xалқына жолдауының мазмұндық жалғасы, екінші жағынан бұл – саяси және экономикалық өзгерістер негізінде қоғамдық сананы жаңғырту арқылы Қазақстан дамуының айрықша бастауы болды», - деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, профессор Зарема Шәукенова.
Оның айтуынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Қазақстанда да, шетелде де үлкен қызығушылық тудырып, кең ауқымда талқыланып, қолдау тапқан.
Кітапқа танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің, республикалық және шетелдік ғылыми-сараптамалық қауымдастығы өкілдерінің мақала-сұxбаттары, сөйлеген сөздері кірді. Сонымен бірге бұл кітапқа Мемлекет басшысы мақаласының негізгі бағыттары бойынша ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ қызметкерлері дайындаған анықтама-сараптамалық, әдістемелік материалдары енген.Кітап мәтінімен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ресми сайты kisi.kz-те танысуға болады.