Аты шулы әншінің әкесі ХҚКО қызметіне жүгінді
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің №1 бөліміне қазақ эстрадасының танымал әншісі Төреғали Төрәлінің әкесі айтыскер ақын Төрәлі Төлепов келіп, мемлекеттік қызмет алу бойынша өтінім тапсырды. Бұл туралы ХҚКО баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназ Бадрақова хабарлады.
«Қызылорда қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына жұмыстарыммен келіп едім. Орталық қызметкерлерінің жүйелі жұмысына алғыс айтқым келеді. Шаруамды тез әрі тиянақты орындап берді. Жұмыстарыңызға табыс, сәтттілік тілеймін», - деп Т.Төлепов жерлестеріне ізгі ниетін білдірді.