Газ деген – жалқау жұртқа таптырмайтын тамаша отын болды. Қара сіріңкені қарнынан тартып жіберіп, тақай қойсаң болғаны, спиртше жанады. Сосын қазаның пышақ қайрағандай қайнайды. Көбігін қалқып кел де, жата бер. Еңбектеп жүрген баланың бұтына анда-санда бір үңіліп қоймаса, әзілқой иіс шығарып қоятыны...