» Мың бұралған Ақбілек

Мың бұралған Ақбілек

   Қазақтың ұлттық би өнері дегенде, көз алдымызға Шара Жиенқұлованың елестейтіні рас. Ол өмірін қазақтың би өнерімен ұштастырып, өнерді үлкен биікке алып шықты. Бүгінде Шараның жолын қуған бишілер бар. Олардың бірі – Ақбілек Нұрманова. Ол 1993 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Биші болуды армандаған кейіпкеріміз діттеген мақсатына жету үшін Алматы қаласында Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалықэстрада және цирк колледжінде, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде xореография бөлімінде білім алды. Қазақ өнеріне деген махаббаты мен ықыласының арқасында көп еңбектеніп, би өнерінің биік шыңын бағындырған Ақбілекпен Жаңақорған ауданына барған іс-сапарымызда тілдесіп қайттық.
         – Биші болу бала арманыңыз ба?
         – Әрине, биші болуды бала күнімнен армандадым. 3 сыныптан бастап Жаңақорған ауданындағы мәдениет үйінде би үйірмесіне қатыстым. Сол кезден бастап-ақ өнерге деген көзқарасым, қызығушылығым артты. Үлкен саxнада қазақ өнерін, мәдениетін, ұлттық киімін танытамын деп алдыма мақсат қойдым. Бүгінде сол арманыма қол жеткізіп 2012 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясында "Шалқыма" xалық би ансамблінде балет артисі болып жұмыс істеймін. Тек Қазақстанда ғана емес шет мемлекеттерге де қазақ өнерін, мәдениетін "Шалқыма" xалық би ансамбілімен паш етіп жүрміз.
         – Репертуарыңызда қанша би бар?
         – Жеке репертуарымда қазақ биі "Күміс сыңғыры" және "Қыз қылығы" тағы басқа көптеген билер бар. "Шалқыма" xалық би ансамблінде 14 артист жұмыс жасаймыз. Көркемдік жетекшісі мәдениет қайраткері Абдрасул Есекеев. Ансамбль тек қыздардан құралған.
         – Бір биді үйренуге қанша уақыт кетеді?
         – Бір биді 3-4 күнде үйренеміз. Бізді отандық және шет елден келген балетмейстерлер дайындайды. Әрине, үйрену қиынға соғатын қимыл-әрекеттер болады. Тіпті, жылдап меңгеретін тәсілдер де бар. Өйткені би – үлкен өнер. Ол жай қимылдан, құр қозғалыстан тұрмайды. Үлкен өнерді көзбен көріп қана қою аз, оны жүрекпен түйсіну қажет. Сондықтан қай елдің сахнасында өнер көрсетсек те, ең алдымен қазақ биін билейміз. Ал сахнада киетін костюмдерді қойылған бидің мазмұнына сәйкес арнайы дайындаймыз. Костюм эскизін биді қойған балетмейстер жасайды.
         – Кәсіби биші болу үшін қандай қасиеттер болу қажет?
         – Бишілерге қойылатын ең басты талап ол – сұлулық. Екінші, дененің жеңіл иілуі, музыка тыңдауға қабілет болу шарт. Сұлулықпен іс-қимылыңыз үйлесіп тұрса, биші дәрежесін асқақтатады. Оның үстіне, көпшілік ең алдымен бишінің сыртқы кескін-келбетіне қарайтынын ескерген жөн.
          – Бишілер дене пішімін қалыпты, әдемі сақтау үшін жаттығумен қатар, қатаң диета да ұстайды. Сіз ше?
         – Күнделікті қимыл-қозғалыста жүретін болғандықтанөз басым мүлде диета ұстамаймын. Дене пішімімді ешқашан уайымдаған емеспін. Себебі, артық-кемді жаттығу арқылы бітімімді қалыпқа келтіремін. Өйткені билейтін билеріміздің көпшілігінің техникасы ауыр. Оларды орындау үшін бойға біршама күш-қуат қажет. Сондықтан жақсы тамақтануға тырысамыз.
         – Өмірлік мақсатыңыз не?
         – Қазақтың ұлттық биін дамытып, одан әрі жандандыру. Сонымен қатар жақсы шәкірт тәрбиелеу.
Алдағы жоспарларыңыз қандай?
– 2017 жылы қыркүйек айында халықаралық Экспо-2017 көрмесіне тұспа-тұс 10 жылдық мерейтойымызды атап өттік. Биыл Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына байланысты тамыз айында Қызылорда облысына концерттік бағдарлама ұйымдастыру жоспарда бар.
         – Әңгімеңізге рахмет.
         Сұқбаттасқан: Айгүл ӘЛІШЕРОВА
---
14 мамыр 2018 ж. 1 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031