ОРАЛ ОЗЫП ШЫҚТЫ
Қызылорда қаласында облыстық жастар форумы аясында Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған Жайдарман сайысы болып өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы негізінде ұйымдастырылған сайысқа республика бойынша 8 команда қатысты. "ҚызЖібек" Қызылордажастары", "ХҚТТУ Тарифы", "Грант", "Қызылордақұрамасы", "Фемида", "Боранқұл", "Байдыңбалалары" командаралы бақ сынады. Сайыста тек "Сәлемдесу" түрінде өтті. Шараға аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы қатысып, талапшыл жастарға қошемет білдірді. Сайыс нәтижесі бойынша оралдық "Грант" жайдарман тобы кубогті иеленді. Одан кейінгі жүлделі орындар
"Фемида" жайдарман тобына (Ақтөбе),"Қызылорда құрамасына" бұйырды. "Үздік ойыншы" аталымымен Есет Мырзағазиев марапатталды.
"Фемида" жайдарман тобына (Ақтөбе),"Қызылорда құрамасына" бұйырды. "Үздік ойыншы" аталымымен Есет Мырзағазиев марапатталды.
