» «Сәттілікке қадам» семинар-тренингі

«Сәттілікке қадам» семинар-тренингі

    Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Ұлағат Ұландары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында 2018 жылдың 1 мамыр күні «Сәттілікке қадам» семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты өңіріміздегі шығармашыл және педогикалық бағытта білім алушы жастарды жаз мезгілінде тәжірибе алаңына дайындау. Шара барысы «Сырдария» жазғы тыныығу лагері базасында 9.00-ден бастап жиналып таныстық ойындары мен тренингтерден бастау алды. Бір бірімен етене жақын танысқан жастар ары қарай түскі тамақ дайындау жұмыстарын жүргізді.
Аталған шара аясында 40 жас 5 топтқа бөлініп лагерьге дайындық және жасақ қатарына іріктеу мақсатында квест тимбилдинг форматындағы «Жабайы», «Голливуд», «Өрмекші», «Агент 007», «Ғажайып», «S.O.S.» аралдары арқылы сынақтардан өткізілді. Аралдардан өту барысында әр аралдың тапсырмасын толық орындап болғаннан кейін оларға кілттің бөліктері берілді. Барлық арал тапсырмаларын орындап кілтті толық жинап болған топ сөре алаңына келіп кілтті құрастыруы керек болған «Таңғажайып» тобы осы аталған тапсырмаларды толық орындап 1-ші орынға ие болды.
Аралдық квест аяқталғаннан кейін күннің қорытындысы есебінде үлкен алау жағылып лагерь әндері шырқалып күнді қорытындылау ойындары жүргізілді.
Шараны толық аяқтағаннан кейін аралдарда тапсырма беруші «Ұлағат ұландары» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері өтініш білдірген 40 жас бойынша шешім шығару жұмыстарын жүргізідік. Сонымен 2018 жылдың педоггикалық жасақ қатары жаңа 20 жаспен толықты
---
04 мамыр 2018 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031