» Карл Лагерфельд өмірден озды

Карл Лагерфельд өмірден озды


 Сән әлеміндегі аңыз адам, әйгілі Chanel сән үйінің креативті диекторы Карл Лагерфельд өмірден өтті деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Карл Лагерфельд 85 жасында дүние салды. Әзірге әйгілі кутюрьенің неден қайтыс болғаны айтылмады. Басылымның мәліметінше, соңғы уақытта модельердің жағдайы нашарлап кеткен. Өткен түні ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Таңға жуық қайтыс болған.
Карл Отто Лагерфельд — неміс модельері және фотограф. Ол 1933 Гамбургте дүниеге келген. Fendi, Chloe, Krizia сән үйлерінде жұмыс істеген. Өз атымен аталатын компанияның негізін 1974 жылы қалаған.
1983 жылы Лагерфельд Chanel сән үйінің көркемдік директоры болды. Ол алғашында прет-а-порте коллекциясын жасап шығару үшін еңбектенсе, кейін KL, KL by Karl Lagerfeld топтамасын шығарды.
---
20 ақпан 2019 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031