» 121 МЕДИЦИНА МАМАНЫ ҚАЖЕТ

121 МЕДИЦИНА МАМАНЫ ҚАЖЕТ

Briefing

Өңірлік коммуникациялар қызметінде биыл көрсетілетін медициналық қызметтерді сатып алу жұмысының қорытындысы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиал директоры Руслан Бектібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов қатысты.
− Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт жасауды аяқтады деді Р.Фаризунұлы. – Енді келісімшарт жасаған емханалар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындайды. Қызмет көрсетуші компанияларды аймақтық комиссия іріктейді. Комиссия құрамында медициналық сақтандыру қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, пациенттер мен денсаулық сақтау нысандарының мүддесін құрайтын үкіметтік емес ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің кәсіподақ өкілдері бар.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаңтар айында келісімшарт жасасқан 74 медицина ұйымының 44-і жеке меншік клиникаларға тиесілі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7 есеге артық. Сондай-ақ жеке меншік клиникалар көрсететін көмек түрі де көбейген. Мәселен, оңалтуға және қалпына келтіруге бағытталған көмек және стоматологиялық қызмет көрсетуде ерекше белсенділік байқалады.
− 2020 жылы медициналық сақтандыру жүйесі толық енгізіледі. Саланы цифрландыру мақсатында облыстық медицина орындарының барлығы компьютер және интернет желісімен қамтылды. Қазіргі таңда «Қағазсыз аурухана» жобасы жұмыс істеуде. Алайда мамандар тапшылығы әлі де бар. Өткен жылы қаңтар айында  201 дәрігер қажет болса, биыл ол көрсеткіш 121-ге төмендеді. Бұл мәселені толықтай шешу үшін 2016 жылдан бастап облыс әкімінің арнайы гранты бөлінуде. Бүгінде педиатор, балалар хирургі, ревмотолог сынды аса қажетті мамандықтар сұранысқа ие, − деді Олжас Ысқақов.
Гүлдана ЖҰМАДИН
---
21 ақпан 2019 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031