» Еліміздегі әскери шенділердің адалдығы детектормен тексеріледі

Еліміздегі әскери шенділердің адалдығы детектормен тексеріледі

Еліміздің қарулы күштері жемқорлыққа қарсы жаңа әдісті қолға алды. Қорғаныс министрлігі екі полиграф аппаратын сатып алған. Бұдан былай барлық әскери шенділердің қызметі өскен сайын шындық детекторы арқылы тест тапсырады. Бір жылда жүзге жуық сарбаз осындай тексеруден өткен. Әскери полиция басқармасының мәліметінше, олардың тек 60 пайыза ғана сыннан сүрінбеген. Мамандардың айтуынша, полиграф құрылғысын алдау мүмкін емес. Өйткені ол адамның көңіл күйіндегі өзгерістерді мүлт жібермейді екен. Бір қызметкерді толық тексеру шамамен екі, үш сағатқа созылады.  Алматыда қорғаныс министрлігінің жылжымалы тобы жемқорлықпен күрес туралы заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар  қаладағы барлық әскери қызметкерлердің басын қосып, полиграф құрылғысының мүмкіндігін көрсетті. 

Жомарт Битабаров, ҚР Қарулы күштері әскери полициясы басқармасының полиграф маманы:
 - Қондырғыны алдау мүмкін емес. Жалпы мұның көрсеткіші 97-98 пайыз. Мөлшермен 5-6 датчик бар. Қосымша датчиктар бар, негізгі датчитктар бар. Кеуде, дене тынысы, қан қысымы, сосын саусақтарға киілетіні бар.

Дереккөз: 24.kz
---
22 ақпан 2019 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930