Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сәйкес келеді және демалыс болып саналады. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн, яғни 21-25 наурыз аралығында демалады.
Наурыз айында қазақстандықтар жарты ай демалатын болады. eGov.kz сайтының мәліметінше, егер мемлекеттік мереке демалыс күндерге (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осылайша, Наурызды мерекелеу 23 наурыз, яғни сенбіге сәйкес келгендіктен, ол демалыс күн 25 наурыз – дүйсенбіге ауыстырылады.
eGov.kz сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, наурыз айында Қазақстанда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күн (мереке күндерін қоса алғанда) болады.