Қызылордалық полицейлер семинар-тренинг өткізді
Қызылорда облысы Полиция департаментінің барлық аудандық полиция бөлімдері және ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің жеке құрамына «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында, Қызылорда облысының «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкерлері «Атамекен» бөлімінің басшысы PhD докторы Бекарыс Нұриман, «Ақпарат толқыны» бөлімінің басшысы филология ғылымдарының кандидаты Гулмира Аширбекова және Қызылорда облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бағлан Бисен, департаменттің психологтары полиция капитаны Сандуғаш Мырзахметова, полиция аға лейтенанты Гульвира Ақбенбетовалардан топ құрылып «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен болашаққа нық қадам» тақырыбында дәрістік сабақтар, акциялар, семинар-тренингтер өткізілді.
Дәрістік сабақ барысында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы, күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің полиция қызметкері болуды бойға сіңіруіміз керек екендігі айтылды. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерімен бірігіп, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қақтығыстарды болдырмау, алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, видео роликтер көрсетілді.
Сана сезімді қалыпқа келтіретін қарым-қатынас деп түсіндірген психолог мамандары қызметкерлерге «Коммуникативті қарым-қатынас» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, ұжыммен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату, қызметкерлердің адамгершілік қатынасын жақсарта отырып, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Сонымен қатар тренинг барысында қатысушылардың көңіл-күйін көтеруге, жүйке-жүйесін демалдыруға, дене бұлшық еттерінің шаршағандығын басуға әр түрлі тақырыпта жаттығулар, релаксациялық әдістер және топтық шығармашылық жұмыстар жүргізілді.
Әйгерім ӘБДІРАХМАН