» Кең болсаң, кем болмайсың

Кең болсаң, кем болмайсың

  Шетелде бір кәсіпкер үй салып беріпті, өз ауылының тұрғындарының несиесін жауып беріпті деген жаңалықты жақында оқып қалдым. Біздің елде жоқ емес бар қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлер. Бірақ өзіміздің өңірден кездестестіремін деп ойламаппын. Бұл азаматтың есімі Ренат Рыс "Алтын Орда" құрылыс дүкендерінің директоры. Жастайынан қайырымдылыққа жаны құмар жан. Жақында өзімен бірге жұмыс жасайтын екі бірдей азаматқа су жаңа автокөлік сыйлады.  Кәсіпкерлік – табыс түскенін көздейді. Алайда ақша негізгі баюдың мақсатына емес, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл салада ең әуелі қоғамдағы түйіткіл мәселені шешу көзделеді. Мысалы, көп балалы отбасылардан шыққан әлеуметтік жағдайы төмен жеткіншіктердің жаттығуына арналған орталықтар ашуға болады. Бұл, біріншіден, спортты дамытса, екіншіден, саламатты өмір салтын дәріптейді.
Қоғамдағы түйіткіл мәселелерді шешуге атсалысып жүретін Ренат Рыс алдағы жоспарымен де бөлісті. «АҚШ азаматтарының 90 пайызы қайырымдылықпен айналысса, бізде – 10 пайызы ғана. Рейтинг қуғандарға бұл да – жағымсыз рейтинг. Британдық "Charities Aild Formation" деген халықаралық ұйымның "Қайырымдылық индексі бойынша" 2017 жылы біздің ел 139 елдің ішінде 87 орында екен. Ресми сарапшылардың есебі бойынша Қазақстанның қайырымдылық нарығының жылдық айналымы – 300-500 млн теңгенің арасы. Салықтың барлық түрінен 100 пайыз босатуды ешкім сұрамайды. Дегенмен шетелдік тәжірибеде бизнестің қайырымдылық шараларына жұмсаған қаржысы салық есебіне жатқызылады. Бұл бизнестің әлеуметтік жобаларға көбірек араласуына мүмкіндік береді.
Мүсілім БӘЙДІБЕК
---
17 мамыр 2019 ж. 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031