» Орман шаруашылығы саласының құрылғанына 85 жыл

Орман шаруашылығы саласының құрылғанына 85 жыл

      Бүгін орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және  облыстық орман шаруашылығы саласының құрылғанына  85 жыл  толып отыр. Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Кәсіби мерекелерінде аталмыш шараның үздіктерін  аймақ басшысы Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттармен, ҚР  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары мен министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі төсбелгілерімен марапаттады. 

       Облыстың 24 млн.гектар жерінің 30 пайызы мемлекеттік орман қорларын құрайды. 2003 жылы Үкімет қаулысымен 210 штаттық  бірлікпен 8 орман шаруашылығы мекемелері облыс әкімдігінің қарамағына беріліп, бүгінгі күні орман шаруашылығы саласында 545 қызметкер еңбек етуде. Орман қоры аумағында 11 мың гектардан астам жеріне толықтыру жұмыстары жүргізілсе, 22 гектар аумақта арнайы қор ұйымдастырылған.
Сыр елінің орман шаруашылығы саласының мамандары кәсіби мерекесін толымды жетістіктермен қарсы алып отыр. Аймақ басшысы сала қызметкерлерін құттықтап орман шаруашылығында атқарылған жұмыстар туралы айтты. «2018 жылдан бері Оңтүстік Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметінен бөлінген 1,3 млн. АҚШ доллары қайтарымсыз гранты есебінен Арал теңізінің құрғаған бөлігіне 10 мың гектар орман мелиорациялық жұмыстары жүргізілуде.  Соңғы 28 жылда Қазақстан тарапынан теңіздің жанына 183 мың гектар жерге орман мелиорациялық жұмыстарын жүргізген. Әрине, бұл шаралар 6 млн.гектарды құрайтын теңіздің ұлтанына тамған тамшыдай ғана. Сондықтан, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту үшін бірінші кезекте теңіздің ұлтанына ағаш отырғызу көлемін еселеп көбейтуіміз қажет»,- деді облыс әкімі.
---
21 қазан 2019 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031