Қытайдан бастау алған – Әлемдік пандемия
Саулық –байлықнегізі.
Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы,желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз пневмонияға шалдыққаны анықталған кезден басталды.
Осыдан кейін Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады –SARS -COV-2.Оның генетикалық құрылымы ауыр жіті респираторлы синдромды қоздыратын SCARS-COV вирусына 70% ұқсайтыны белгілі болды.Осылайша олар карта құрып , жаңа вирустың генетикалық құрылымын анықтады.
Еске сала кетсек, 24 қаңтардан бастап Ухань қаласында карантин жарияланып,қоғамдық көліктер тоқтатылып,қалаға кіріп шығуы тыйым салынған; дәл осындай карантин 24 қаңтардан бастап Уханьға шекараласХуанган,Эчжоу,Чиби және Чжицзян қалаларында жарияланған.Жалпы алғанда қытайлық 14 қаладан шығуға тыйым салынған.Вирус Қытайдың бірнеше әкімшілік аймақтарында анықталған.
Әлемде COVID-19 коронавирусы 10 миллионнан астам адамға жұқты.Қайтыс болғандар 500 мыңнан асты. 5,3миллионнан астам адам жазылды.
Өкінішке орай, бұл індет біздің елімізденде айналып өткен жоқ.Қазақстанда короновирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелген болатын .Күн өткен сайын індет жұқтырушылар саны күрт өсіп кетті.Соған байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланды.15 наурызда енгізілген төтенше жағдай , бірнеше айларға созылып, 11 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты жағдайды бағалап,төтенше жағдай режимі алынды.
Айта кететін жайт аты жаман індеттің екінші толқыны басталып кету ықтималдығы жоғары екенін ескеріліп,сақтық шаралары міндеттелді.
Денсаулық сақтаау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес берді:
– қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
– қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
– көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
– науқас адамдармен байланысқа түспеу;
– салқын тию белгілері пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Қызылорда облысында карантин режимі күшейтілді.Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар саны айтарлықтай өсуі байқалады.Облыстың бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова аймақтағы карантин шараларын күшейтуге шешім қабылдады.Облыстың бас санитар дәрігері енгізген шектеулер 17 маусымнан бастап күшіне енді.Қаулыда азаматтар көп шоғырланатын нысандар мен қоғамдық көліктердің жұмыс істеу режимі туралы айтылады.Сондай-ақ,адам көп шоғырланатын жерде маска тағу міндеттеледі.
Іздеп алған аурудың емі табылмас демекші,індеттің алдын алып,сақтанып жүрейік!
Гүлдана Шайхызада,
№8 П.Д.Осипенко атындағы мектептің оқушысы