» » Төтенше жағдай режимі енгізілді

Төтенше жағдай режимі енгізілді

 1 қазаннан бастап Словакия үкіметі елде төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы журналистерге премьер-министр Игорь Матович хабарлады.
«Коронавируспен күресті күшейту мақсатында Үкімет ұсынысым бойынша 1 қазаннан бастап ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл режим көктемдегімен салыстырғанда Денсаулық сақтау саласына ғана емес, біздің қоғамдық өміріміздің басқа да салаларына әсер етеді», – деді Матович.
Бұған дейін төтенше жағдай режимі Словакияда 16 наурыздан 16 маусымға дейін болған.
Естеріңізге салсақ, соңғы тәулікте Словакияда коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді – 567 адам, ауруханаларда 75-78 жастағы үш науқас қайтыс болған. Пандемия кезеңінде Словакияда барлығы 10 141 адам коронавирус жұқтырып, 4395 адам жазылып, 48 адам көз жұмған.
"Айқын" ақпарат
01 қазан 2020 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031