Ғалымдар 280 адам ғана сөйлейтін тіл барын анықтады

Швециядағы Лундский университетінің лингвистер тобы 280 адам сөйлейтін бұрын-соңды белгілі болмаған тілді анықтады. Бұл тіл джедек деп аталады. Ал оны қолданатындар - Малайзиядағы Сунгай Руал ауылының тұрғындары.
Антропологтар тұрғындар аслийский тобына кіретін джахан тілінде сөйлесіп жатыр деп ойлаған. Ал лингвистер материалдарды зерттеп, тұрғындардың бұрын-соңды белгілі болмаған тілде сөйлесіп жүргендерін анықтады.
Мұнымен қатар, ғалымдар джедек мәдениетінде гендерлік теңдік барын айтады. Яғни бұл жерде зорлық-зомбылық, заңдар мен соттар жоқ. Ал балаларды бір-бірімен жарысуға үйретпейді. Сондай-ақ, тұрғындар үшін мамандық ұғымы жоқ. Олардың барлығы бірдей өмірге қажетті ең негізгі дағдыларды игерген.