» » Жаңа президент сайланды

Жаңа президент сайланды

Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы вице-президенті Сирил Рамапос елдің жаңа көшбасшысы болып сайланды.
ОАР билігі ақ фермерлердің жерін қаранәсілді қожайындарға берудің жаңа кезеңін бастайды.
Жаңа Президентті сайлау туралы шешім 15 ақпанда парламенттің арнайы сессиясында қабылданған болатын. Бірнеше сағат өткеннен кейін Рамапос ант қабылдап, Парламент мүшелері мен жоғарғы судья Могоенга Могоенганың алдында ант берді.
Салтанатты рәсімге журналистер мен шетелдік қонақтар қатысты. Жаңа көшбасшы ел азаматтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш салуды уәде етті. Естеріңізге салсақ, ОАР-дың бұрынғы Президенті Джейкоб Зума 15 ақпанда халыққа өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді.
Соңғы кездері, оппозиционерлер билеуші партия мен мемлекет басшысын мемлекеттік мүлікті ысырап етті деп бірнеше рет айыптаған. Ал, Зуманың мемлекет басшысы ретіндегі мерзімі 2019 жылға дейін болған. Ол елді соңғы он жыл бойы басқарды.

16 ақпан 2018 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031