Әлемдегі ең қымбат шырша жанжалға себеп болды
Белградтың орталығынан бой көтерген жасанды шыршаға қала бюджетінен 83 мың еуро бөлінгені туралы ақпаратты Сербия жұртшылығы қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды euronews. Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Пишталка» («Ысқырық») веб-сайты жариялаған. Журналистердің анықтауынша, шыршаны алу туралы келісімшарт оның орнатылуынан үш күн бұрын жасалған. Оппозиция қала билігін бюджет қаржысын жымқырды деп айыптауда. «Ол - әлемдегі ең қымбат пластикалық шырша. Белградтықтар мұндай қорлықты бұрын-соңды көрген емес», - дейді «Демократиялық партияның» Белград бөлімшесінің басшысы Балша Божович. Шырша мұндай жанжалға себеп болатынын қала билілі күтпегені анық, оған Аяз атаның орнына наразылық танытқан тұрғындар келді. Белград мэрі Синиша Мали қалалықтарға оның бағасы туралы ештеңе білмегенін айтып ақталды. Дегенмен оппозиция өкілдері ресми тергеп-тексеру жүргізуді талап етіп отыр.