Қазақстанға Оңтүстік Корея мен Қырғызстан ақша аударымы өсті

Қазақстанға ақша аударым жүйесі арқылы жарты жыл ішінде 150 миллиард теңгеге жуық ақша аударылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz басылымына сілтеме жасап. Оңтүстік Кореядан түсетін ақша аударымы 2,3 есе, Қырғызстаннан аударым 77 процентке артқан. ҚР-да шетел тұрғындарының келетін ақшалай аударымдардың көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айында 147,5 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5 процентке көп. Алайда, жылдық өсімнің қарқыны қысқаруда. 2016 жылы (қаңтар-маусым) жылма-жыл 2,2 есе, 2017 жылы (қаңтар-маусым) 20,4 процентке дейін төмендеді.