» » АВСТРАЛИЯ ОРМАНДАРЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

АВСТРАЛИЯ ОРМАНДАРЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

Бейсенбі күні Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өрт қызметі орман өртіне байланысты жедел ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Орман өрті Сиднейден солтүстікке қарай 200 шақырым жердегі Стивенс портының маңында, Солт Эш ауданында бақылаудан шыққан.
Кейбір тұрғындар кетіп үлгермеген. Жергілікті өрт сөндіру қызметі қорғанатын пана табуды сұраған, себебі өрт жақындап келеді.
«ЕСКЕРТУ - Richardson Road, Campvale. Егер Сіз  Salt Ash Ave, Hideaway Dr, Shady Ave, Nelson Bay Rd, Lemon Tree Passage Rd, Janet Pde and Marsh Rd аудандарында болсаңыз, эвакуацияға уақыт қалмады. Өрттен қорғанатын пана іздеулеріңізді сұраймыз, себебі жалын жақындап келеді», - делінген Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты Өрт сөндіру қызметінің Туиттердегі парақшасында.
Өрт сөндіру қызметі тұрғындардың мүліктерін «ұшақ-цистерна» көмегімен құтқаруға тырысып жатыр. Бұл туралы Өрт сөндіру қызметінің хабарламасында айтылған: «Хантер (Hunter) өңіріндегі өрт сөндірушілерге бүгін түсте Gaia 737 ұшақ цистернасы жіберілді. Бұл ұшақ әлемде алғаш рет өрт сөндіру үшін қолданылып отыр. Оның көмегі орасан».
24 қараша 2018 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031