АҚШ Қазақстанды сенімді елдер тобына қосты
Америкалық туристер үшін арнайы интерактивті карта құрылды. Аталған картаға сенімді мемлекеттер тізімі төрт топқа жіктеліп енгізілді.Бірінші топтағы мемлекеттерде қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы жүре беруге болады. Бұл тізімге Шығыс Еуропа, Скандинавия мемлекеттері, Беларусь, Қазақстан және Украина сынды мемлекеттер кірді.Екінші топқа барғанда сақтық шаралары сақталуы тиіс, теракті жиі болуы мүмкін деген мемлекеттер енгізілді. Олар — Батыс Еуропа мемлекеттері мен Украина.
Үшінші топқа баруға кеңес берілмейтін елдер кірді. Олар — Ресей, Түркия, Пәкістан, Нигерия, Чад және Нигер.
Төртінші топ — Ауғанстан, Иран, Сирия, Ливия, Йемен және ҚХДР.Мемлекеттік департамент өкілі Мишель Бернье-Тот жаңа тізімнің саяхатшыларға көмегі зор екеніне сенімді.
«Аталған мемлекеттердің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіре беруден жалықтым. Ақпаратты барынша түсінікті етіп жеткізуімізге тура келді», - дейді ол.