» » Елдердің бірі әлемде алғаш болып эпидемияны жеңгенін жариялады

Елдердің бірі әлемде алғаш болып эпидемияны жеңгенін жариялады

  Наурызда елде бірінші науқас тіркелгеннен кейін билік қатаң шектеу шараларын қолданған, шекараны жауып, жиналыстарға тыйым салған. Африкадағы Мавритания елінде соңғы күндері індеттен қайтыс болған бірде-бір адам тіркелген жоқ.
Бұл туралы Le Calame жергілікті басылымы денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Тестер де коронавирус жұқтырған адамдарды анықтамаған. Осылайша Мавритания эпидемияны жеңгенін жариялаған алғашқы мемлекет атанды, деп жазды Рамблер.  
Жалпы, елде 17 адам ауырып, біреуі көз жұмды.
13 наурыз күні бірінші науқас тіркелгеннен кейін билік шекараны жауып, жиналыстарға тыйым салды, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жабылды. Түнгі коменданттық сағат жарияланды және қалааралық тасымалға шектеу енгізілді.
Дегенмен қырағылықты сақтап, коронавируқа қарсы тексерісті одан әрі жалғастыру қажет.  






27 сәуір 2020 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930