» » Тірідей көмілген ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды

Тірідей көмілген ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды

 Қаскөйлер ер адамды ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап жерге көміп кеткен. Ол байланған аяқ-қолын босатып, өзі жер бетіне шыққан. Үндістанның Гондал қаласының тұрғыны таңғажайып жағдайда ажалдан аман қалды. Қылмыскерлер ер адамды жерге тірідей көміп кеткен, деп хабарлайды жергілікті полиция дерегіне сүйенген The Times of India басылымы.
Капил Маракананың бұрынғы жұмыс берушісі оны шығын келтірді деп айыптайды. Ол өзінің серіктестерін азғырып, Маракананы жазалауды тапсырады. Олар ер адамды ұрлап, қала сыртына шығарып, ұрып-соғады. Онымен қоймай аяқ-қолы байланған адамды тірідей жерге көміп кетеді.
Маракананың айтуынша, қаскөйлер көміп кеткен жер құмды болғандықтан оған аман қалу бақыты бұйырған. Ол байланған аяқ-қолын босатып, өзі жер бетіне шығыпты.
Осылайша, ажалдан аман қалған жәбірленуші тәртіп сақшыларына барып, болған оқиғаны бастан-аяқ баяндайды. Қазіргі кезде қылмыскерлер ұсталған.






04 маусым 2020 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930