» » Мектептер коронавирус ошағына айналды – ВВС

Мектептер коронавирус ошағына айналды – ВВС


 Германия мектептерінде оқушылардың коронавирусқа шалдығу дерегі көбейген, – деп хабарлайды 24.kz.
BBC-дің хабарлауынша, негізі елде білім беру мекемелерінің көбі 2 апта бұрын ашылған. Сол уақыттан бері бір ғана Берлиннің өзінде 825 мектептің 41-інде вирусқа шалдығу дерегі тіркелген. Салдарынан жүздеген оқушы мен мұғалім карантинге жіберілді. Олардың қатарында бастауыш сыныппен қатар жоғары сынып оқушылары да бар. Мектептердің ашылуына байланысты вирустың өршуі АҚШ пен Изральде де тіркеліп отыр. Ескерер жайт, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеткіншектердің коронавирусты ересектер секілді тарататынын растайтын дәйектер көп екенін жария етті. Сондықтан мамандар «жасы 12-ден асқандар да үлкендер секілді маска тағып жүруі керек» деп коронавирустың таралу қаупі сейілмегенін айтып отыр.
aikyn.kz
24 тамыз 2020 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031