Билл Гейтс қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолын айтты

Оның айтуынша, қалыпты өмірге оралудың басты жолы – COVID-19-ға қарсы вакцина салу.
«Адамзаттың қалыпты өмір сүру салтына оралуының жалғыз жолы – өте тиімді және қолжетімді вакцина алу», - деді ол.
Microsoft-тың негізін қалаушы жаппай вакцинация коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатады деп санайды. Бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын болжаған болатын.