Фитнес орталықтарының қызметі тоқтатылды
Атырауда өзен трамвайы мен фитнес орталықтарының қызметі тоқтатылды.
Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың қаулысында айтылды.
«Жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылсын» -делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.
Сондай-ақ, саяхаттау катерлерінің (өзен трамвайы) қызметі де тоқтатылды. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылған еді.