Жалағашта құны 40 мың АҚШ долларын құрайтын меморандум жасалды

Спорт алаңдары бұқаралық дене шынықтыру ойындарын, жарыстар мен спорттық жаттығуларды өткізуге арналған.
Айта кету керек, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында 30 мВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салу жұмыстары 2018 жылдың қазан айында басталып, 2019 жылдың қазан айында іске қосылды. Жобаның бастамашысы «Nomad Solar» ЖШС.
Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 га жер учаскесі табысталды. Күн электр станциясының құрылысы 75 га жер учаскесіне орналасқан.