» » Ұлттық экономика министрлігі Altel мен Tele2-нің даулы ролигіне қатысты пікір білдірді

Ұлттық экономика министрлігі Altel мен Tele2-нің даулы ролигіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Kcell мен Beeline ұялы байланыс операторларының Altel мен Tele2 біріккен компаниясының автомобиль кептелісіне қатысты видеоролигіне байланысты шағымына пікір білдірді. Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта «Кселл» АҚ мен «Кар-Тел» ЖШС-і (Beeline брендінің меншік иесі) операторларына шағым түскендігі айтылады. Шағымды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қалалық департаменті қарайтын болады. Мәселені жан-жақты әрі объективті зерделеу үшін монополияға қарсы орган Ұлттық зияткерлік меншік институтына сауал жолдаған. «Алынған мәліметтер бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР Заңнамасына сәйкестігі бойынша сарапталады және сәйкесінше шешім қабылданады», - делінген жауапта. Айта кетерлігі, даулы видеоролик әлеуметтік желіде осыдан 2 аптаға жуық уақыт бұрын тараған еді.

21 ақпан 2018 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031