Жастардың жаңа жобаларын кім қаржыландырады?

"Бұл - білімін өмірде қолданып, іске асыра білетіндерге арналған жоба. Еуропалық мемлекеттер білімді меңгеру ғана емес, оны іс жүзінде қолдана білудің қаншалықты маңызды екенін баяғыда-ақ түсініп қойған. Біз қазір сіздермен мүмкіндіктер нүктесінде тұрмыз. Бұл нүктеде таңдау жасауымыз керек: не бұрынғы форматта қалып, баяу даму сатысында қаламыз, не жылдам түрде үлкен əлемге кіреміз. Білім - елдің келбеті, ал мемлекеттің келбеті қалай болу керек екенін жастар жақсы біледі. Жастардың инновациялық ойлау қабілеті бар. Өзгерістер өте тез болады. Біз арманын жүзеге асыруға талпынып, шабыттанып жүрген жастарды көргенде дəл осы жастар қоғамды жақсы жаққа өзгертетіні туралы ойлаймыз. Жастардың ойы, рухы еркін болғанын, армандары орындалғанын қалаймыз" - дейді ҚР БҒМ кеңесшісі Майраш Тайкенова.
Байқау аяқталған соң аймақтардағы кəсіпкерлік пен инновацияны дамыту орталықтарында 16 аймақтағы жұмысты қорытындылауға арналған "Аймақтық Demo Day" өтеді.