» » Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру аяқталды

Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру аяқталды

"Қазақстанның Халық банкі" АҚ пен "Казкоммерцбанк" АҚ өкілдері 2018 жылдың 28 шілдесінде өткізу актісіне қол қойылғанын мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 "Біз бір жарым жылдан аса уақытқа созылған үлкен процесті аяқтадық. (...) Халық банкі мен Казкоммерцбанктің бірігуіне қатысты шаралардың барлығы толық көлемде аяқталып отыр. Енді Халық банкі мен Қазақстандағы қаржы секторларының барлығында жаңа кезең басталады. Халық банкіне миллиондаған адам сенеді, сондықтан біз олардың үмітін ақтау үшін барлық жағдайды жасаймыз", - деп хабарлады Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.
Осылайша, Казкоммерцбанктің бүкіл мүлікті, бүкіл құқықты және міндеттерін Халық банкіне табыстау рәсімі аяқталды.  Сондай-ақ, Халық банкі мен Казкоммерцбанктің барлық қажетті технологиялық жұмыстарды аяқтағаны, сондықтан Халық банкі мен Казкоммерцбанктің клиенттеріне енді Халық банкінің барлық филиал мен бөлімшесінде қызмет көрсетілетіні айтылады. Казкоммерцбанктің еншілес ұйымдары енді Халық банкінің еншілес ұйымдары болады. Еске сала кетейік, 2017 жылы Халық банкінің директорлар кеңесі "Казкоммерцбанкпен" бірігу туралы шешімді мақұлдаған еді.
30 шілде 2018 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031