» » Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жаңа басшы келді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жаңа басшы келді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы болып Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлы тағайындалды.
Жалғыз акционерінің шешімімен (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы болып Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлы тағайындалды. Сол шешіммен Әбдірахманов Н.А. «ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Нұрлан Алмасұлы Әбдірахмановтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүйесінің әдіснамалық, бақылау және қаржылық нарықты қадағалау салаларында 20 жылдық кәсіби жұмыс тәжірбиесі бар.
2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар нарығын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының стратегия және талдау бойынша бөлімшелерін басқарды.
Соңғы жеті жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті директорының қызметін атқарды, онда пруденциалдық реттеу және қадағалау саласындағы әдіснама мен саясатты қалыптастыру, реттеушілік стандарттарды сәйкестендіру, қаржылық нарықтарды реттеу және қаржылық қызметтерді дамыту, тұтынушылардың қаржы қызметтерінен хабардар болуын арттыру, сондай-ақ жосықсыз тәжірбие – ақшаның ізін жасыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету сұрақтарына жауап берді. Осы уақыт ішінде көптеген заңнамалық актілерді әзірлеуге, соның ішінде – шоғырландырылған қадағалау, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлық агенттіктер қызметтері, тәуекелге бағытталған қадағалау мәселелері бойынша актілерді әзірлеуге жетекшілік етті.
Әр жылдарда «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің (Биржалық кеңестің) мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі ретінде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Қаржы нарығындағы мәселелермен айналысты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерін дайындады; Қаржы нарығын реттеу және дамыту бағыты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда (соның ішінде қаржы нарығындағы Консультативтік комитет аясында) Қазақстан Республикасын (Ұлттық Банк) таныстыруда жұмыс атқарды.
08 тамыз 2018 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031