» » ТЕНДЕРДІ ДЕ ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ

ТЕНДЕРДІ ДЕ ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тендерлерді өткізу мерзімін шамамен екі есе қысқартты. Егер бұған дейін тендерлерді өткізу 65 күнге дейін созылса, енді мерзімді оңтайландырудың нәтижесінде бұл шара шамамен 38 күнді құрады. Атап айтқанда, zakup.sk.kz жаңа электронды сатып алу порталында келесі шаралардың мерзімі қысқартылды: сатып алуды хабарлау, тендерлік өтініштерді жинау 15 күннен 10 күнге дейін, өтініштерді қайта қарау 10 күннен 5 күнге дейін қысқарды. Келісімшарт жасасу шарасы енді 10 күннің орнына 5 күн алады. Аталған өзгерістер мен толықтырулар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Ережелеріне енгізілді және ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап өз күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістер ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімовтің тапсырмасы бойынша енгізіліп жатыр. Сатып алулардың мерзімдерін қысқарту бойынша келесі шешімдер қабылданды. Атап айтар болсақ, біліктілік бойынша алдын ала іріктеуден өту шарасының уақыт тәртібін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Соның арқасында бұл шараның мерзімі 45 күннен 18 күнге дейін 2,5, есе қысқарды. Баға ұсынысын сұрау арқылы өтетін сатып алулар 21 күннен 15 күнге дейін оңтайландырылды. Ағымдағы жылдың 21 мамырында ашық тендерлерді өткізу шарасы tender.sk.kz порталынан zakup.sk.kz жетілдірілген, әрі жаңғыртылған порталына көшірілген болатын. Zakup.sk.kz электронды сатып алулар порталы 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Осы уақыт аралығында жүйеге 18 мыңнан астам тапсырысты орындаушы тіркелді. Жаңа сатып алу алаңында 27 мыңнан астам сатып алу өткізілді.
Еркін ҚАЛДАН  

10 тамыз 2018 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031