Қазақстанда жыл басынан бері 5 млн жуық адам әуе қызметін пайдаланған
Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында әуе компаниялары 4,6 млн жолаушыны тасымалдады.ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінен хабарлағандай, 2018 жылдың 7 айында әуе көлігімен жолаушылар тасымалы 15 пайызға өсіп, осы аралықта әуе компаниялары 4,6 миллион адамды тасымалдаған.Ал өткен жылдың осы кезеңінде 4,0 млн адам әуе көлігінің қызметін пайдаланған болатын.
«Болжамды мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан Республикасының әуежайлары 7,7 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл 2017 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда (6,9 млн адам) 11 пайызға артық», - деді комиттетен.