Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай-газ бағасының көтерілуіне түсінік берді
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанда сұйытылған мұнай-газ бағасының көтерілуіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай-газдың (СМГ) шекті көтерме бағасы тоннасына қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін ұлғайтылды. Шекті бағаларын айқындау қағидаларына сәйкес СМГ бағасы есеп айырысу, баға тоннасына ҚҚС-сыз 52 538,27 тг/т құрауы керек. Алайда, Министрлік Қағидаларының 14-тармағына сәйкес 2014 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай-газының ең жоғары көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіткен деңгейінде ұстап қалады, яғни 38,701 тенге тонна үшін ҚҚС-сыз деңгейінде. Бағаның өсуі әлемдік бағаларының өсуінен туындаған, өйткені сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы халықаралық нарықта баға белгіленімдеріне тәуелді. Көтерме баға - бұл баға, ҚР ЭМ СМГ-ның ішкі нарығына жеткізу шеңберіндегі жоспарын бекіткеніне сәйкес өндіруші зауыттар сұйытылған мұнай-газын газ желісі ұйымдарына түсіреді. Сұраныстың арттыруына байланысты, сондай-ақ ішкі нарықта СМГ көтерме сауда бағаларының төменгідігінен СМГ өндірушілер және меншік иелері ішкі нарыққа өткізуден шығындар көтеруде. Мысалы: сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны «Ақтөбемұнайгаз» СНПС шамамен 52 000 тг/т құрайды, «Қазгермұнай» БК» ЖШС 38 403 тг/т., «Жайықмұнай» ЖШС 67 478 тг/т. және «ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС 44 334 тг/т. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен Келісім бойынша сұйытылған мұнай газына тоқсан сайын шекті көтерме бағаны бекітеді. Ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Сондай-ақ, газ желісі ұйымдарымен ұсынатын өтінімдер негізінде Министрлікпен ай сайын сұйытылған мұнай газын беру жоспарын бекітеді. Беру жоспары Қазақстан Республикасының СМГ көлемін ішкі нарыққа бөлу жөніндегі Комиссия отырысында қалыптастырылады. Оның құрамына Министрлік, «Нұр Отан» партиясы, «KazEnergy», «Атамекен» ҰКП және «Қазақстандық жанармай қауымдастығы - 1» қауымдастықтарының өкілдері кіреді. Осылайша, Министрлік ай сайын СМГ көлемін ішкі нарыққа бөлу жөніндегі Комиссиясының отырысын өткізеді. Оларға сондай-ақ СМГ көлемін қалыптастыру үшін ішкі нарыққа жеткізілетін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылады. Бүкіл рәсім және СМГ беру жоспарын қалыптастыру механизмі ашық және қоғамдық ұйымдар қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстанның ішкі рыногындағы бөлшек сауда бағасы нарық қатысушыларымен белгіленеді және Министрлікпен реттелмейтіндігін атап өтеміз. СМГ бөлшек сауда бағасы 1) ҚР ЭМ бекітілген көтерме бағасынан; 2) көлік шығындардан; 3) пайдалану шығындардан; 4) газ желісі ұйымдардың пайдадан құрайды. Жергілікті атқарушы органдар мониторинг бойынша ұсынылатын деректеріне сәйкес бөлшек сауда бағасы 2017 жылдың желтоқсанда ең төмен Маңғыстау облысында - 45-50 тг. /литр және Ақтөбе облысында - 45-49 тг. /литр болды. Сондай-ақ, Қарағанды облысында - 70-75 тг./литр, Алматы облысы - 72-75 тг./литр, ОҚО - 65-72 тг./литр, Шығыс Қазақстан облысында - 68-75 тг./литр және Алматы қаласында - 68-75 тг/литр ең жоғары баға байқалды. Бұл ретте айта кету керек, газға арзан бағалары нәтижесінде ішкі нарықта жыл сайын СМГ тұтыну өсіп келеді, мысалы: 2016 - 720 мың тонна және 2017 - 953 мың тонна (ұлғаюы 32%). Жоғарыда айтылғандар негізінде ҚР Энергетика министрлігі сұытылған мұнай газбен ішкі нарықты қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ СМГ тапшылығын фактілерін болдырмау үшін жан-жақты шаралар қабылданайды.