» » Егін – ел несібесі

Егін – ел несібесі

  Биыл облыс бойынша 183,8 мың гектарға егін егілді. Оның 96,9 мың гектары дәнді, 6,9 мың гектары майлы дақылдар. Ал малазықтық дақылдар 62,7 мың гектарды құрады. Сонымен қатар, картоп, көкөніс, бақша өнімдері 17,2 мың гектар жерге орналастырылды. Сыр салысы 87,3 мың гектарға егіліп, жалпы егілді. Осылайша облыс диқандары  былтырғыдан 6,5 мың гектар жерге артық егін екті.
Өткен жылдары су же­тіс­пеушілігі үл­кен мәселе болғаны анық. Десе де, биылғы жағдай бақылауда тұр. 21 маусымдағы жағдай бойынша, «Шардара» су қоймасында 4,5 млрд текше метр су бар. Ал төменгі ағысқа секундына 300 текше метр су тасталуда. «Көксарай» су реттегішінде 1 млрд текше метр су жиналып, дарияға секундына 400 текше метр су жіберілуде. Каналдар арқылы егістіктерге бағытталған су көлемі 640 текше метрге жеткен.
Бір айта кетерлігі, облыс бойынша егілген 3777 гектар күздік бидайдың 40 гектары жиналып, 80 тонна өнім алынды.
Қазіргі таңда егінді күтіп-баптау агротехникалық та­лаптарға сай жүзеге асуда. Бұл бағытта 54,6 мың тонна минералдық тыңайтқыш алынған. Сонымен қатар, гербицидтерге жалпы сұраныс 63,5 мың литрді құраса, бүгінгі күнге оның 57,7 мың (90,9%) литрі сатып алынып, күріш алқа­бын арамшөпке қар­сы өңдеу жұмыстары атқа­рылып келеді.
Малазықтық дақыл­дарға келсек, шаруашылық құрылымдары жоңышқа оруға кірісіп кетті. Күтімге алынған 41,6 мың гектар ескі жоңышқаның 4,3 мың гектары тұқымға қал­дырылып, 20,3 мың гектарына орақ түсті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып келеді.
«АЖ» ақпарат
25 маусым 2019 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031