» » Қазақстанда көлік қымбаттайды – болжам

Қазақстанда көлік қымбаттайды – болжам

Елімізде көлік бағасы 5% қымбаттайды. Мұндай болжамды Қазақстандық автобизнес қоғамдастығының өкілдері (ҚАБҚ) LS порталына айтып берді.Ұйымның берген ақпаратына сәйкес, 2017 жылы көлік орташа есеппен теңгелей есептегенде 3% және доллармен есептегенде 4% қымбаттады. Жүк көлігінің жекелеген модельдерінің бағасы 15% және жеңіл көліктердің кей моделінің бағасы 5-10% өсті.
«2018 жылы автокөлік нарығы шетелден келетін түрлі модель импортына байланысты болады. Бұл Қазақстанда шығарылмайтын модельдерге де қатысты. Сондай-ақ, автокөлікті құрастыру үшін қажетті локальді өнімдер де әсер етеді», - деп хабарлады ҚАБҚ.
Көлік нарығына доллар мен рубльдің курсы, инфляция мен мұнай бағасы да ықпал етеді.
«Сарапшылар «теңге-доллар» курсын 320-350 теңге деңгейінде болады деп болжап отыр. Сондықтан тұрақты экономика жағдайында автокөліктің нарықтағы бағасы 5%-дан артық қымбаттамайды. Егер экономика дамуында айтарлықтай өзгеріс болып жатса, болжам өзгеруі мүмкін», - деп түсіндірді ҚАБҚ мамандары.
23 қаңтар 2018 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031