Қазақстан сусын экспортынан 37 млн доллар пайда көрді
2017 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан 96,3 мың тонна алкогольді және өзге сусындарды экспорттап, нәтижесінде 36,9 млн доллар пайда көрді.
2016 жылмен салыстырғанда тасымалдау көрсеткіші 9,4% қысқарды.
Қырғызстан Қазақстаннан - 17,1 млн долларға, Ресей – 15 млн доллар, Тәжікстан – 1,2 млн доллар, Қытай – 764,9 мың доллар, ал Моңғолия – 550,5 мың долларға сусын сатып алды.
Түрікменстан отандық сусындарды – 106,3 мың долларға, Өзбекстан – 96,9 мың доллар, Италия – 25,6 мың доллар, Ұлыбритания – 78 мың доллар, Грузия – 67,5 мың долларға сатып алды.
Сондай-ақ, Украинаға жөнелтілген сусыннан - 591,4 мың доллар, Әзербайжанға жіберілгеннен – 226,5 мың доллар және АҚШ-қа жіберілгеннен – 185,5 мың доллар көлемінде пайда көрді.