Медицина мамандарына қосымша тағы 150 млрд теңге үстемеақы бөлінеді

«Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына бардым. Коронавирустың екінші толқынының қаупін ескере отырып, денсаулық сақтау саласына баса мән берілетін болады. Екінші жартыжылдықта дәрігерлердің үстеме төлемақысы үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді», дейді Мемлекет басшысы.