» » 15 қазанда карантинге жабылады

15 қазанда карантинге жабылады

 Елордадағы карантинге жабылып, блок-бекеттердің қойылуына ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жауап берді.
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Whatsapp мессенджерінде тараған кезекті жалған ақпарат жайлы мәлімдеді.
Соңғы кезде WhatsApp қолданушылары арасында кеңінен тараған аудиожазбада «Нұр-Сұлтан қаласы 15 қазаннан бастап карантинге жабылатыны және қала маңына блок-бекеттер қойылатыны» айтылады.
«Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды, бүгінде 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласын жабу және қала периметрі бойынша блок-бекеттер қою мәселесі қарастырылып жатқан жоқ»,– деді ТКҚСҚБК өкілі Ержан Байтанов.
Сонымен қатар, мекеме азаматтарды әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа ермеуге, тек ресми дерекөздерге сенуге шақырды. Ведомствоаралық комиссия көрінеу жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274- бабы бойынша жауапқа тартылатынын еске салады.
12 қазан 2020 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31