Коронавирус: екінші толқынға дайынбыз ба?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша күзгі маусымда пандемияның екінші кезеңі болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған орай, «COVID-19» пандемиясының екінші кезеңінде облыстағы инфекция жұқтырған науқастарды уақытылы қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер тізімі жасақталуда.
Пандемияның 1-кезеңінде орын алған дәрі-дәрмектер тапшылығын болдырмас үшін стационарлық және емханалық жағдайда жетіспеген дәрілік заттарға облыстық бас пульмонолог, облыстық бас инфекционистпен сараптама жасалып, «COVID-19» індетін емдеу хаттамасына сәйкес жасақталды.
Тізімді жасақтау барысында короновирус және вирустық пневмония науқастарына 1-кезеңде қолданылған дәрілік препараттар негізге алынды.
Құрылған қорға дәрілік заттарды сатып алуға қажеттілік 350 млн. теңге қаражатты құрап отыр.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда 21 инфекциялық және провизорлық төсек орындар қайта ашылатын болады (жалпы саны 3000 орынды құрайды).
Сондай-ақ, 200 төсек орынды тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы жүргізілуде (аяқталу уақыты 30.11.2020 ж).
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне 96 өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратына сұраныс беріліп, күтілуде (Қазан айы, 2020ж).
Одан бөлек Дүниежүзілік банкі арқылы 17 дана ИВЛ аппараты келу жоспарлануда (мерзімі 01.11.2020ж).
Жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппаратын сатып алу жоспарлануда (мерзімі 15.12.2020ж).
2020 жылдың күз мезгіліндегі коронавирустық инфекциясының болжамды екінші толқынына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуіне орай, 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды.
Қыркүйек айында лизинг арқылы республикалық бюджеттен 40 дана автокөлік күтілуде. Оның 38-і қазан айында, 2-уі қараша айында күтілуде.
- Петро Казахстан компаниясының демеушілігімен Қазалы ауданында 1 оттегі станциясы салынатын болады. Осы станциядан Арал және Қармақшы аудандарын, Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз ете алады.
- Екінші оттегі станциясы «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасынан салынатын болады. Бұл қала аумағындағы ауруханаларды және Сырдария, Жалағаш аудандарын қамтамасыз ететін болады.
Қыдырәлиева Әсел Қазбекқызы,
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бастапқы медициналық санитариялық көмекті ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бастапқы медициналық санитариялық көмекті ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы