Ұйықтатып тастайтын маска таратып жүрген еріктілер пайда болды
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде медициналық маска таратып жүрген еріктілер туралы хабарламаны жоққа шығарды.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде медициналық маска таратып жүрген еріктілер туралы хабарламаны жоққа шығарды.
Хабарламада партиялардың атынан медициналық бетперде таратып жүрген еріктілердің бетпердені киіп көруге кеңес беретіні, одан кейін отбасы мүшелеріне 3-5 данасын таратып беретіні айтылған.
«Есірткінің әсері бар химикат сіңірілген маска таратып жүрген еріктілер пайда болды. Оны иіскеп көрген адам бірден есінен танып қалады. Үй иелерін есінен тандырып тастаған соң әлгі еріктілер пәтерге кіріп тонап кетеді. Бөгде адамдардан маска алмаңыздар», – делінген хабарламада.
Оның айтуынша, жалпы бөгде адамдарға есік ашпау керек және полицияға хабарлау керек.
«Бұл жалған ақпарат. Алайда кез келген жағдайға сақтықпен қараған дұрыс. Танымайтын адамдарға есік ашпаңыздар. Балаларға да ескертіп қойыңыздар», – деді Ораз онлайн брифингте.