Дәрігер коронавирустан қорғайтын тағамдарды атады
Дәрігердің айтуынша, иммунитет үшін А, С, D, Е, В2, В6 и В12 дәрумендері, сондай-ақ фолий қышқылы, цинк, селен және темірдің маңызы зор.
«Денсаулық және спорттық тамақтану» консультативтік-диагностикалық орталығының меңгерушісі, жоғары дәрежелі диетолог Екатерина Бурляева «Российскоя газета» басылымына берген сұхбатында дәрумендер мен минералдарға бай тағамдар иммунитеті нығайтып, коронавирусқа қарсы тұруға септігін тигізетінін айтты.
Дәрігердің айтуынша, иммунитет үшін А, С, D, Е, В2, В6 и В12 дәрумендері, сондай-ақ фолий қышқылы, цинк, селен және темірдің маңызы зор. Маман D дәруменінің жеткіліксіздігінен респираторлық инфекциялық аурулар пайда болатынын айтады.
D дәрумені бауырда, жұмыртқада, балықта және сары майда көп. Күнде 10-15 грамм бауыр A және D дәруменінің тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Дәрігер сонымен қатар иммунимтетті нығайтатын С дәруменін де атап айтып, итмұрын, шырғанақ, қарақат, қырыққабат, тәтті бұрышты жеуге кеңес берді. Бұдан басқа сиыр және тауық бауырын, ірімшік пен жаңғақ жеу пайдалы. Оларда иммунитетті күшейтуге қажетті цинк пен селен бар. Селен бауыр мен ірімшікте де бар.