Өрттің алдын алу жұмысы жалғасуда
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 2020-2021 жылу беру маусымында өрттің алдын алу мақсатында Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылдық округі мен Қызылтам станциясында тұрғын үйлерді аралап, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі" және "Көмірқышқыл газынан уланудан сақтану", "Сіріңке-балаларға ойыншық емес" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары кезінде 155 тұрғын үй қамтылып, 704 тұрғынға жадынама таратылды.
Қармақшы ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі